"6 адам мерт болды": Павлодарда кәріз құдығында жан түршігерлік жағдай орын алды

"6 адам мерт болды": Павлодарда кәріз құдығында жан түршігерлік жағдай орын алды

Павлодар облысында кәріз құдығының иісіне алты адам уланып, қаза тапты деп жазады Democrat.kz. сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облыстық полициясы Жоламан ауылында алты адамның қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қосымша мәліметтер әлі жарияланған жоқ.

Оқиға сүт фермасының аумағында орналасқан кәріз құдығында жұмыс жүргізу кезінде болған. 1963, 1975, 1983, 1998, 2006 және 2009 жылы туған ер адамдар мерт болған. Қаза тапқандардың ең жасы – 16 жаста.

Барлық жаңалықтар