"6 жасар қызын 29 жастағы мүритіне күйеуге берген": Түрік имамды түрмеден жамағаты думандатып қарсы алды

"6 жасар қызын 29 жастағы мүритіне күйеуге берген": Түрік имамды түрмеден жамағаты думандатып қарсы алды

Түркияның Исмаил аға жамағатының Хиранұр қорының құрылтайшысы Юсуф Зия Гүмүшел өзінің титтей қызын шариғат жолымен мүритіне әйелдікке берген. Оның бұл әрекеті Түркия құқық қорғаушыларының назарына ілігіп, діндарды заң алдында жауапқа да тартқан деп жазады Democrat.kz.

Дінге беріліп кеткен, санасы шариғаттың шарттарымен шырмалған түрік діндар өзінің 6 жасар қызын 29 жастағы мүритіне қосқан. 

"Пайғамбарымыз да Айша анамызды алты жасында айттырып, тоғыз жасында әйел еткен" деген түсінікті қасиет тұтатын қауым әлі денесі мен ақылы жетілмеген қыздарын сақалы сапсиған педофилдердің құшағына тастауға шімірікпейтін болғаны өкінішті. 

Әлгі түрік діндардың мәселесін май шаммен қараған Түркия соты "денсаулығына байланысты" деген себеппен үйқамаққа шығарған. 

Түрмеде жатқан әулиелері үйқамаққа шыққанда, бөріктерін аспанға атып, жамырай жиналған жамағаттың қарасы қалың болған. 

Өз қызын аяушылық дегенді білмейтін, нәпсісінен басқаны ойламайтын сапсиған сақалдыға берген адамды түркиялық діни жамағат түрмеден дүркіретіп күтіп алғаны туралы видеолар жұрттың жағасын ұстатты. 

Түрік ақпараттары таратқан хабарда кішкентай қыздың құқығы қорғауға алынғаны туралы нақты дерек жоқ. Әйтеуір шариғатшыл әке ендігі қалған өмірін үйқамақта өткізетіні айтылады. 

Барлық жаңалықтар