"62 жастағы Нұрлан Абдуллин 8 жасар ұлымен соттасып жүр"деген әйел сұмдықты айтты

"62 жастағы Нұрлан Абдуллин 8 жасар ұлымен соттасып жүр"деген әйел сұмдықты айтты

Әлеуметтік желіде Марал Баққара атымен тіркелген желі қолданушы танымал әнші Нұрлан Абдуллинге қатысты жазба жариялады деп жазады Democrat. kz. 

Жазба авторының айтуынша,  Нұрлан Абдуллин ұлына алимент төлеу мәселесі бойынша міндеттемелерін орындамай жүрген көрінеді. 

«Абдуллин Нұрлан Мұханұлы. Ұлыңның алдындағы үш жылдық алимент қарызын жап! Сен өз туған балаңды алдадың. Ұлыңның алдындағы қарызды өтегің келмей ме?» — деп жазды Марал Баққара.

Мұнан бөлек Марал Баққара: 

«Белгілі халық әртісі Нұрлан Мұханұлы! Ұятты доғарыңыз! Сіз өз балаларыңызға ауыр тиіп отырсыз. 62 жасыңызда 8 жастағы ұлыңызбен соттасып жүрсіз»,деген жазба да жариялады. 

 

Барлық жаңалықтар