64 жастағы депутат 21 жасар келіншегіне 221 млн теңгелік үйін мирасқа қалдырмақ

64 жастағы депутат 21 жасар келіншегіне 221 млн теңгелік үйін мирасқа қалдырмақ

ТикТок әлеуметтік желісінде Диана Сапар атты желі қолданушы екі видео жүктеп, жұртты таңғалдарды деп жазады Democrat.kz.

"Жасым - 21-де. Депутат күйеуім - 64-те. Күйеуім ауырып қалып, мұрагерлік сенімхат жазды. Астанадағы 21 млн теңге тұратын үйін маған мұраға қалдыратын болды" деген Диана Сапар сенімхатпен қоса аталмыш үйдің де фотоларын көрсетті. 

Өзге ұлт өкілімен үйленген депутатқа қатысты, жалпы, депутаттарға қатысты жұрт ренішке толы пікір жазуда. Біреулер "Депутат бір айлығына бұл үйді қалай алған?", "депутаттардың айлығын 85 мың теңге ету керек" десе, кейбірі "бұл -фильтр, өтірік", "қалжың ғой" деуде. 

 

 

Барлық жаңалықтар