Ішкі істер министрлігі электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік тіркеу нөмірлерін бекітті. Жаңа нөмірлер электр қуатымен жүретін көліктерді өзге автомобильдерден ажыратуға мүмкіндік береді, деп жазады Democrat.kz.
Бұл бастама экологиялық көліктердің санын есепке алу мен оларды тануды жеңілдетуге бағытталған.
Электромобильдерге арналған арнайы нөмірлерді енгізу көлік саласындағы экологиялық саясаттың бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр.