2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Жаңа талаптар мемлекеттік қолдауды шынымен мұқтаж азаматтарға бағыттауға арналған, деп жазады Democrat.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа тәртіп аясында отбасының табысы мен әлеуметтік жағдайын бағалау тетіктерін қайта қарамақ.
Өзгерістер кейбір азаматтардың төлем алу құқығына әсер етуі мүмкін. Сондықтан әлеуметтік көмек алушыларға жаңа талаптарды алдын ала зерделеп, құжаттарын реттеп қойған жөн.