Шығыс Қазақстанда скарлатинамен ауырғандар саны 44 пайызға өсті

Шығыс Қазақстанда скарлатинамен ауырғандар саны 44 пайызға өсті

Шығыс Қазақстан облысында скарлатина жұқтырғандар саны өткен кезеңмен салыстырғанда 44 пайызға артқан. Мамандар аурудың таралуына байланысты санитариялық сақтық шараларын күшейтуге шақырады, деп жазады Democrat.kz.

Скарлатина — көбіне балалар арасында кездесетін жұқпалы ауру. Ол дене қызуының көтерілуі, тамақ ауруы және тері бөртпесі сияқты белгілермен көрінуі мүмкін.

Ауру белгілері байқалған жағдайда өздігінен емделмей, дәрігерге қаралу қажет. Әсіресе мектептер мен балабақшаларда инфекцияның таралуына жол бермеу маңызды. 

Барлық жаңалықтар