Еуропалық одақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірлеп жатыр

Еуропалық одақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірлеп жатыр

Еуропалық комиссия Ресейге қарсы 22-санкциялар пакетін және 2027 жылы Украинаға қаржылай көмек көрсету жоспарын қараша айының соңына дейін ұсынбақ. Жаңа шектеулер банк, криптовалюта және санкцияларды айналып өту арналарына бағытталуы мүмкін, деп жазады Democrat.kz.

Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, ұсыныстар 26–27 қарашада өтетін Еуропалық кеңестің арнайы саммитіне дейін дайындалуы тиіс.

ЕО дипломаттары жаңа пакетте санкцияларды үшінші елдер арқылы айналып өтуге қарсы шаралар да болуы мүмкін екенін хабарлады. Сонымен қатар Ресей мен Беларусь спортшыларының Еуропада өтетін халықаралық жарыстарға қатысуына шектеу енгізу мәселесі талқыланып жатыр

Барлық жаңалықтар