Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желідегі парақшасына жаңа видеолар жариялап, көпшіліктің талқысы мен сынына ұшырады деп жазады Democrat.kz.
Нұрғали Нүсіпжанов пен әйелі Жадыра Сейдеш фотосессия жасаған сәттері әлеуметтік желілерге тарады.
«Творчествалық процесс сан-саланы қамтиды. Халық перзенті болғаннан кейін тың туындылар тудыру, талмай еңбек ету – ел-жұрт алдындағы перзенттік парызым. «Сұңқар» фотостудиясының қыз жігіттері маған сый-құрмет көрсетіп, әр түрлі киім үлгілерін ұсынып, керемет фотосессия жасады. Ұжым жетекшісі Мұрат бауырыма, ұлттық костюмдерін ұсынған Бақыт қарындасыма, фотогроф қызым Айданаға «жүз жасаңдар, айналайындар» деген ақ жарма бата-тілегімді бердім, ақ маңдайларынан сүйдім», – деп жазды Нұрғали Нүсіпжанов инстаграм парақшасында.
88 жастағы Нұрғали нүсіпжанов пен 45 жастағы әйелі Жадыра Сейдешке сүйсінгендермен қатар сынап жатқандар да аз емес.
"Нұрғалидың түрі қытаиға ұқсап кетіпті Бір әжім жоқ қандаи крем жағады екен керемет", "Осы жас келиншектер неге шалга тиеди, не ушин , неге? Баягы шалдар ози катарлы кемпир алатын еди гой, типти ол шалдан бала да туа алмайды, сонда не себебти шалга тиеди соны тусине алмадым? Тусиндиретин адам бар ма?" "неменеге кызыгасындар ана шалддики дурыспа картайганда орта жолда оз жарын сатып кеткени мына екиншисине осы шал кызыктырып жур гой дейсиндерме байлыгына кызыгып тигенде", "88-ги шалды жас балаша суйреп жарасатын зат истесе кайтеди" деген пікірлер жазуда.