Абай Бегейдің әйелі неге қатты жылағанын айтып көз жасына ерік берді

Абай Бегейдің әйелі неге қатты жылағанын айтып көз жасына ерік берді

Малика ұстаздың арнасына сұхбат берген Абай Бегейдің әйелі Фариза отбасылық өмірі мен жұрт білмейтін жағдайларын айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Абай Бегеймен шаңырақ құрған сәттен кейін үш жыл бойы қатты қиналғанын, күйеуінің бірінші отбасынан туған балалармен ортақ тіл табысу қиын болғанын айтқан Фариза: 

"Тақсыр екеуіміз үш жыл бойы дұға еттік. Күйеуімнің бірінші некесінен болған балалардың жүрегіндегі махаббатты ашшы, Аллаһым деп әр намазымызда тіледік. 

Отбасымызда тақсырдың бірінші некесіндегі балалары мен қайындарым, қайынсіңлілеріммен бірге үлкен отбасы болып тұрдық. 

Сол кезде үй ішілік кез келген шаруаны менің міндетім деп емес, "Аллаһ разылығы үшін" деп атқара салатынмын. Сол үшін де арамызда әлдебір түсініспеушіліктер бола қоймады. 

Отбасылық өмірімде ең қатты жылаған күнім үш жыл бойы жасаған дұғамыздың қабыл болған күні Сымбаттың мені "мама" деген сәті еді" деген Фариза көз жасына ерік берді. 

 

 

Барлық жаңалықтар