Әлеуметтік желідегі парақшасында әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат отбасылық фотоларын жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Қызым" деген әнмен осы фотолар легін жариялаған Сымбат Абайқызы өздерінің өте бақытты отбасы екенін айтып арнайы жазба жариялаған-ды.
Әйтсе де, Сымбаттың кей оқырманына Бегей отбасының суреттері ұнамаса керек, "Абайда да орап тастау керек еді", "Аппақ бірыңғай бір түрлі екен, тәуіптер құсап, шамалы жаулықтарының түсін басқаша етуі керек еді", "қызыма деген әннің Фаризаға қатысы қанша?", "өз еңбектеріңмен өмір сүріңдер, алаяқ болмаңдар", "братан, бір қызың жалаңбас жүр ғой, неге?" деген сыңайда пікірлер жазды.