Танымал әншінің Сымбат есімді қызын келін қылған құдағиы немересін бесікке саламын деп, елдің сөзіне қалды, деп жазады Democrat.kz.
Желіде тараған бейнежазбаға зер салсақ, әулеттің қыз-келіншектері бесікте жатқан баланың үстіне алыс-жақын адамдардың сырт киімін жауып жатқанын көруге болады.
Онда Абайдың құдағиы «Осы кісілердің бар қасиетттерін баламызға берсін» дейді. Бұдан соң бір кейуана түрлі тілек айта жүріп, баланы айналдырып, өзіндік ырым жасайды.
Бұл көрініске куә болған желідегі жұрт «Баланы туып келе салып бесікке сала береді екен бұлар, қатты асығыс қой», «Бізде қырқынан шығарғанда салады», «Баяғыда баланың бесігіне үкі және қамшы ілетін, қазір ойдан шығарылған дәстүрлер көп», «Бесікті айналдырмайды ғой», «Ойбай, тұншықтырды ғой ана баланы», – деп шошыды.