Екі күннен бері әлеуметтік желіде әнші Абай Бегейдің 17 жасар қызы Сымбаттың жүктілігіне қатысты сұмдық пікірталас жүруде деп жазады Democrat.kz.
Естеріңізде болса, кеше Абай Бегейдің 17 жасар қызы өзінің жүкті екенін мәлімдеп, сүйінші суреттерімен бөліскенін хабарлағанбыз.
Осы ақпаратқа қатысты Сымбат Абайқызының парақшасында сұмдық пікірталас басталды.
Заңнан хабары бар азаматтар ә дегеннен "кәмелеттік жасқа толмаған қыздың жүктілігі заң бойынша сұрақ-жауапқа алынатын нәрсе" екенін алға тартуда.
Өкінішке қарай заңнан хабарсыз, қараң, надан күйдегі кейбіреулер "дұрыс, жас кезінде туып алғаны жөн. Онда тұрған ештеңе жоқ. Апаларымыз да 12-13 жастан күйеуге тиіп..." деп басталатын ескі дүниелерді қоңырсытып отыр.
Сіз қалай ойлайсыз? Қыздың 18 жасқа, яғни кәмелеттік жасқа толмай тұрмыс құрып, жүкті болуы - дұрыс па?



