"Қазақстан КВН одағы" РЖҚБ президенті Есен Елеукен балалар үшін тілді жеңілдету керек деген ұсынысын айтты деп жазады Democrat.kz.
"Талай рет филолог, ғалым ағаларымызға Абайды таныту үшін балаға түсінікті тілде, жеңілдетіп, қысқа бір нұсқасын жасаса деп ұсыныс айттым.
7-8 жасар балаға "Абайды" күштеп оқыту нәтиже бермейді. Оданда кітапты алып, балаға арнап, аз ғана жерін өзгертіп берсе.
Мысалы, өзім қазақ әдебиетін түгел оқыған адаммын. Содан білемін, біздің әдебиеттің бала үшін тілі ауырлау" дейді Есен Елеукен.