"Әбден қажыдым!" деген ерекше баланың анасы жанайқайын жеткізді

"Әбден қажыдым!" деген ерекше баланың анасы жанайқайын жеткізді

Әлеуметтік желіде тиктокер Нұрила ерекше балаларын аяққа тұрғызам деп әбден қажып, шаршағанын айтып билікке үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.

"Ерекше баласы бар бүкіл ана мені түсінеді деп ойлаймын. Біздің елде ерекше балаларға мүлде жағдай жасалмаған. 

Коррекциялық орталықтар бар. Бірақ олардың бағасы удай қымбат. Бүгінге дейін 250 мың теңге болған коррекциялық орталықтың бағасы енді 320 мың теңгеге қымбаттаған. 

Ерекше балаға арналған мемлекеттік балабақша, мектеп, арнайы орталықтар жоқ. Бәрі ақылы, бәрі жекенің қолында. Ақша жеткізу мүмкін емес, титықтап қажыдым!

Біз өлген соң өзі өмір сүре аларлықтай жағдайын жасасақ деген ерекше баламызға тірі күнімізде  жағдай жасай алмай отырмыз. 

Билік ең болмаса, коррекциялық орталықтарды субсидиялап, жарты ақшасын жапса екен. Үш жүз мыңдап ақша төлеп, оңалту орталықтарына ақша төгетін мүмкіндігіміз жоқ" дейді Нұрила. 

Барлық жаңалықтар