"Әбден шаршап-шалдыққан мұғалімнен не күтуге болады?"деген белсенді ұстаз министрге ұсыныс жасады

"Әбден шаршап-шалдыққан мұғалімнен не күтуге болады?"деген белсенді ұстаз министрге ұсыныс жасады
Бірер күн бұрын Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектеп мұғалімдері толтыратын құжаттардың емес, оқушының білім сапасы маңызды екенін айтқан болатын. Осыған байланысты белсенді ұстаз Айман Сағидулла өз пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.
 
Айман Сағидулла министрдің айтқандарын қолдап: "Дұрыс! Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова дұрыс айтады.
 
Бізден қағаз ҚМЖ мен тоқсандық қорытындының есебін емес, баланың білімін сұраңыздаршы. Сонда ғана пайдалы болатын еді. .
 
Түні бойы ҚМЖ жазып, демалыста БЖБ мен ТЖБ тексеріп ,демалыссыз жұмыс істейтін мұғалімдер оқушыға қалай сабақ беруі мүмкін?
 
 Әбден шаршап-шалдықққан мұғалімнен не күтуге болады?
 
Сүлейменова ханым! Білім саласын көтерудің тағы бір маңызды мәселесі бар. Оқу бағдарламасын сапалы, қайта жасап шығу керек. Қазіргі бағдарлама мүлдем жүйесіз."деді. 
Барлық жаңалықтар