Танымал ақын Бауыржан Халиолла әлеуметтік желідегі парақшасында астарлы жазба жариялап, кей кісінің мазасын қашыртып қойды деп жазады Democrat.kz.
"Қырық жыл жазғандарын қобыратып қайта бастырып
(талап бойынша соңғы жылдары жазған туындылар ғана ұсынылады) Мем.сыйлыққа ұсынылып, бірінші кезеңнен-ақ төмен ұпаймен (9 бал) өте алмай қалып, қазақ әдебиетінің ақсақалы Әбдіжәміл Нұрпейісовті тоқсаннан асқан шағында Н.Назарбаевқа сүйрелеп кіргізіп, сыйлықты тізеге басып алғанымен шатағы жоқ ақиқатшыл БІРЕУ "әділдік" жайлы сөз қозғапты ғой. "Нұр-патшаны" сол кезде мақтап, кейін даттап жүргені өз алдына...
Ой, ішім-ай)))
Бар ғұмыры бопсалаумен келе жатқан бейшара!!!", деп жазды Бауыржан Халиолла.
Ақынның бұл жазбасы нақты кімге бағытталғанын жазба авторының өзі мен өзін осы жазбадан таныған кісі ғана болжап біле алса керек.
