Әбиірбек Тінәлиев көрген қорлығын айтты

Әбиірбек Тінәлиев көрген қорлығын айтты

Аға буын арасында кеңінен танымал «Анамның тілі» әнінің авторы, белгілі әнші-композитор Әбиірбек Тінәлі аталмыш туындының туындауына не себепкер болғанын айтты, деп жазды Democrat.kz.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері 1975 жылы қалаға оқуға келгенде орыс тілін білмегендіктен, қалай қиналғанын айтып көзіне ыстық жас алды. 
«Не нан сұрап ала алмаймыз, не су сұрап ала алмаймыз, қалада бәрі орысша. Өз елімде жүрмін ғой, қалайша жәутеңдеп өмір сүруім керек?! Әбден қысылдым. Сөйтіп, Шона Смаханұлының лирикалық жинағындағы бірніші өлеңінде «Анамның тілі -аяулы үні» деген жолдар тұр екен», –деп танымал әнді жазудағы  құпиясын бөлісті.
Айта кетейік, «Анамның тілі» әнінің сөзін жазған Шона Смаханұлы болса, сазы Әбиірбек Тінәліге тиесілі.

 

Барлық жаңалықтар