Адам өміріндегі ең қауіпті кезең анықталды. Ұзақ өмір сүру жөніндегі сарапшы Дэн Бюттнер әр адамның өміріндегі ең маңызды кезең зейнетке шығатын жыл екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі HuffPost басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бюттнердің айтуынша, дәл зейнетке шығатын жылы адамдардың өлім-жітім деңгейі айтарлықтай артады.
“Бұл кезеңде адамда үрей, құлазу, белгісіздіктен қорқу сынды сезімдер пайда болуы мүмкін. Көпшілік өмірдің мақсатын жоғалтып алғандай сезінеді. Бір нәрсе жетпей тұрғандай күй кешеді”, – дейді маман.
Оның пікірінше, мұндай өзгерістердің басты себебі көп жылдар бойы қалыптасқан әдеттер мен күн тәртібінің күрт өзгеруі. Маман өмірді ұзарту үшін бұрынғыдай белсенділікті сақтау, әлеуметтік байланыстарды үзбеу, жанға жақын іс табу қажет екенін айтты.