Адамзатты соғыс, аштық күтіп тұр: "Көріпкел мысық" сұмдық болжам жасады

Адамзатты соғыс, аштық күтіп тұр: "Көріпкел мысық" сұмдық болжам жасады

ТикТок әлеуметтік желісінде біраз уақыттан бері оқырманның түрлі сауалдарына "иә", "жоқ" деген белгіні басу арқылы жауап беріп, танымал болған Харитон атты мысық болашаққа да болжам "жасады" деп жазады Democrat.kz.

Харитон атты бұл мысық - түрі де кез келген мысыққа ұқсай бермейтін, үңіліп қарасаң, көздері басқашалау бір үй жануары. 

Иесінің айтуынша, Харитонды асырап алғандарында-ақ оның басқа мысықтар секілді емес, өзімен сөйлесуді, қасында болуды талап еткен әрекеттері болыпты. 

Сондай-ақ Харитон уақыт өте келе иелерінің кей сұрақтарына өзінше бір әрекет арқылы "жауап беруді" бастапты. 

Содан мысықтың қожайыны басқанда "иә", "жоқ" деген дыбыс шығаратын құрылғы сатып алады. 

Төменде Харитон мысықтың жауап берген сұрақтардың бірқатарын назарларыңызға ұсынамыз:

"Харитон, Путин тірі ме?" деп сұраса, мысық "жоқ" белгісін басты.

"Жаратушының діні бар ма?" - "жоқ".

"Адам өлген соң, қайта өмірге келе ме?" - "иә".

"Үшінші дүниежүзілік соғыс бола ма?" - "иә".

"Адамзат әлдекімнің эксперименті ме?" - "иә".

"Құран ең басты, киелі кітап па?" - "жоқ".

"Адамдарды қорғайтын періштесі бар ма?" - "иә". 

Фото видеодан скринделді. 

 

Барлық жаңалықтар