"Әділет" партиясы Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі

"Әділет" партиясы Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі
Жаңадан құрылған саяси ұйымның өкілдері алдағы Құрылтай сайлауына да қатысуға мүдделі деп жазады Democrat.kz. сайты Sputnik.kz.-ке сілтеме жасап.

"Әділет" партиясы саяси кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлы жаңа саяси ұйымның Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі екенін айтты
"Әділеттің" бүгінгі съезінде партия құрамына AMANAT-ты қабылдауға шешім қабылданды. Жаңадан құрылған саяси ұйымның өкілдері алдағы Құрылтай сайлауына да қатысуға мүдделі.

"Осындай жан-жақты қолдауға ие болып жатқан күштің алдына қойған мақсатына да ешқандай шектеу болмауы қажет. Біз барынша көп орын алуға тырысамыз", - деді Кенжеханұлы съезден кейінгі брифингте.

Айта кетері, 1 шілдеде Қазақстанның жаңа Конститутциясы күшіне енеді. Оған сәйкес, бір палаталы парламент - Құрылтай болады. Сондай-ақ, заңдарға бастамашы бола алатын Халық кеңесі құрылады.
 
Барлық жаңалықтар