Шымкенттік белсенді ұстаз Маржан Алыпқараева мектептеріндегі мұғалімдердің құқығы бұзылып жатқанын және депутаттардың "мектептерді аудандық әкімдікке беру керек" деген пікірін мұғалімдерге жасалған буллинг деп кесіп айтты деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшасында әдіскердің әдепсіз әрекеті туралы айтқан Маржан Алыпқараева: "Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығының әдіскері заңсыз қойылған камера арқылы мұғалімдердің сабағын онлайн бақылап отырғанын фб парақшасына қоюы бұл мұғалімдерге жасалған буллинг деп білемін.
Бұл педагогтер мен оқушылардың жеке дербес деректеріне қол сұғу. Ол аздай өзіміз "САЙЛАП" алған депутаттардың мұғалімдер "Таза Қазақстанға" ат салыссын деуі де педагогтерге жасалып отырған буллинг деп білемін!"деп жазды.