Адвокат Ләззат Ахатова Әнару туралы бар шындықты жайып салды

Адвокат Ләззат Ахатова Әнару туралы бар шындықты жайып салды
Әнару Құрманәлінің бұрынғы қорғаушысы Ләззат Ахатова туралы жазбасына адвокат Ләззат Ахатова жауап жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
"Қазақта “өз бетін аямаған, кісі бетін шиедей қылады” деген сөз бар. Осы уақытқа дейін ауру адамды аяп, не оттаса да, үндемей келгем..Әңгіме - бір композитор ағамыздың аты әбден шыққан, ар мен абырой деген ұғымнан жұрдай қызы туралы.. 
 
Бұл тақырыпта енді мүлде сөз қозғамаймын дегем. Бірақ жазуға тура келіп тұр. Өйткені менің абыройыма күйе жағып, ойына келген сөздерді айтып, ұмытыла бастаған атын қайта жаңғырту мақсатында көлдей пост жазыпты. Оны маған қазір ғана қызым жіберді.
Осы уақытқа дейін ол қыз туралы шындықты көріп-білсем де, қыз абыройы мен ары нәзік нәрсе ғой деп, жақ ашпадым..
 
Адвокаттық құпияны да сақтау керек болды. Ал енді мәселе өзіме келгенде, өз арым мен абыройыма нұқсан келсе, адвокаттық құпияны бұзғаным үшін жауап бермеймін. Бір жағы екінші тараптың да кінәсі болғасын, отбасылы еркектің әйелінің үстінен басқа қыздармен ойнастық жасағанын (қатты кетсем, айып етпессіздер, қазақтың сөзі ғой) ешқашан құптамағандықтан, ол жігіт істеген ісіне тым болмаса, ұялар деген үміт болды.
Қалдыбек ағамыз да қызының сырын білгесін, “ел алдындағы абыройым айрандай болмасын, жігіт кешірім сұраса, мен тоқтатам деп, өзім айтам ел алдында” деді. Бүкіл туған -туысы, әкесі, бауырлары теріс айналған науқас қыздың ісіне араласқаныма талай мәрте өкіндім..
 
Бірақ мақсат - бастаған істі аяқтау, елге жария болған қыз абыройын жабу болды.
Енді бәрі қалай басталғанын айтып берейін.
Бір күні осы желіден елдің дені жабылып, тілдеп жатқан қыздың сұқбатын көзім шалды. Бір спортшы зорлады деп, журналистерге сұқбат беріп тұр екен. Өзіміз де қыз өсіріп отырғасын, қыз баланың тағдырына бей-жай қарай алмаймыз ғой.
 
Кімнің қызы екенін білген де жоқпын, ол кезде. Біреулер Қалдыбек Құрманәлінің қызы ма деп жатыр екен. Қатты араласқан кісім болмағасын, онша мән бермедім. Кімнің қызы екені бәрібір еді. Анам қайтыс болған деп жатқанын естідім. Сол сөз ғой, әйел-аналардың жүрегіне дөп тиетін.
 
Ол қыз манипуляцияны әбден меңгерген әккі екенін қайдан білсін, былайғы жұрт?. Бәрінен бұрын ана ретінде пост жаздым. Сілтемесін тапсам, салам. Сонымен болды. Мен ары қарай өз шаруаларыммен айналысып кеткем. Қазақтың бір қызының тағдыры ғой деген жанашырлық ниетпен болыстық қой, әрине.
Сол күні түнде маған белгісіз нөмірден бір смс хабарлама түсіпті.
 
Қыздың әкесі Қалдыбек ағамыз жазыпты. Нөмірімді Айгүл Елшібаевадан алыпты. Мен ол жазған хатын тауып алуға тырысам. Хатта кешегі сұқбат берген қыздың оралдық ақын әйелден туған қызы екенін, қыздың анасымен азаматтық некеде тұрғанын, бір ұл, бір қызы барын айтыпты.
 
Ата-ана ретінде кім болса да, бұндай жағдайда түсіністікпен қарап, жұбату сөз айтады. Мен де солай жасадым. Мессенжерге Әнарудың өзі шығып, қолдағаныма алғыс айтыпты. Сонымен әңгіме тәмам болған. Ертесі қыздың әкесі тағы жазды. Гонорарың қанша болады, сені адвокат етіп алсақ деп.
 
Мен бірден бас тарттым. Адвокатты сол жақтан, Алматыдан тапқаныңыз жөн дедім. Сол күйі бас тартуым керек екен..Біреуді түсіну, біреуге жан ашу құртады ғой, бізді. Екі ортада Әнарудан мессенжерде тергеудің қалай болғанын сұрап, анасы жоқ жетім қыз ғой, әкесінің бөлек отбасы бар, жалғыз ғой деп, жаным ашып, құқықтық кеңестер бердім. Қорғаушысы болмай тұрып.
Содан Қалдыбек аға тағы шықты. Ақшам жоқ, жағдайым нашар деген әңгіме айта бастады. Мен гонорар туралы сөз де қозғамай жатып. Сосын мен “аға, мен онсыз да қазақтың қиындыққа түскен қыздарын қолдаймын. Тиыныңсызсыз да, қызыңыз екенін білмей -ақ, танымасам да, қызыңызды қолдадым.
 
Ары қарай да қолдаймын, бір тиыныңыздың керегі жоқ”-дедім.
Енді осы жерде ол кісі ренжісе де, айтпасқа амал қалмады. Атым бұл істе аталмасыншы деп еді. Алматы қалалық сотының төрағасы болған Нұрлан деген ағамыз бар еді. Қазір Европада тұрады. Менің қайын атама іні боп, отбасымызбен араласқан, сыйлас кісі еді. 2005 жылы судьялыққа өту үшін, осы Астанада емтихан тапсырып жүргенде, комиссия құрамының мүшесі болатын.
 
Сол кісі тел. соқты. Белгісіз шетелдік нөмірден, “Ләззат, қарындасым, амансың ба? Нұрлан ағаң ғой”-деп жазыпты, алдымен. Ұялғанымнан трубканы көтердім. Қысқасы, сол кісі сұранды, ақырында. Осы іске көмектесуімді. Қыздың әкесіне ағайындығы бар екен, түсінгенім. Мен Қалдыбектен де, оның науқас қызы Әнарудан да гонорар алған емеспін.
 
Постында 1 млн.гонорар бердік деп, бөсіпті)) Тап бір өзі бергендей. Тиын-тебен туралы жазуды ар санаушы ем, амал жоқ, жазбасындағы қып-қызыл жаласы мен қырық өтірігіне Сіздер үшін жауап беруге тура келіп тұр.
Бұл уәждер бір жағы сотқа да керек. Қағаз жазуға мұрша болмай жүр еді. Амал жоқ, екі сотқа арыз жазғалы жатырмын.
 
Клеветамен, сосын ар-намыс, абыройды қорғау бабымен. 10 млн.моральдық шығын өндірем) әкесі екеуінен)) Адамның ар-абыроймен, көңілімен, жүйкесімен ойнағанның қандай болатынын көрсін. Ақыры олардың қалтасынан көк тиын төленген жоқ) Әкесі өзінен-өзі ақшам жоқ, аурумын деп “жылап” кеткенінен ыңғайсызданып, тегін қорғаймын дегенге Нұрлан аға менен ыңғайсызданып кетсе керек, сол кісі салған, ол соманы)
 
Мен пәлен-түген деп, ешқандай сома айтқан жоқпын. Қылмыстық істер 3-5 млн-ның аралығы, негізі. Қатты көп беріп қойды деп, іштері ашып жатса, басқа астаналық, алматылық басқа адвокаттардан сұрасын. Бұлай әкесі мен қызы қосылып, жүйкемді тоздыратынын білгенде, гонорарым кемі 5 млн.деуім керек еді😂 Сол күйі жоламай, құрып кететін. Мен де бәледен аулақ болар едім.
 
Өмірде ең жек көретінім- желідегі “разборка” еді. Қайтейін) Басыма түсті..Бір ақымаққа болысамыз, қыз тағдырына немқұрайды қарамайық деген “жалпақшешейліктің” зардабы өзімізге тиді, ақырында..
Ол қыз ешкімнің жақсылығын түсінбейтін, адамдықтың ауылынан алыс адам екен. Туған -туыстары мен әкесі текке безінбепті. Суайт, фантазер, намыссыз жан екен. Адам баласы туралы, әсіресе қыз бала туралы бұлай сөйлемеуші ем. Қанша жүйкем мен энергиямды жоғалттым, осы суайт үшін. “Әй, адам болмайды-ау” дейді ғой, қазақта, әбден түңілгенде. Соңында менде де дәл сол күй болды. “Адам боларына” сенім жоғалғасын, істі тоқтатып, қош айтысуға мәжбүр болдым. Ол қыз әкесіне өкпелі. Әкесінде кеткен кегі бар.
 
Анасын екі баламен тастап, басқаға үйленіп кеткені бар, әкесіз өскені бар, одан әнші болам дегенімді қолдай салмады, әкем мүмкіндігі бола тұра, мені жұлдыз қылмады деген сасық көкірек бар. Адам әуелі өз шамасына қараушы еді.
 
Бұл қыз өзінің “талантына” қатты сенсе керек) Бұл қыз танымал болу үшін, атын шығару үшін ештеңеден тайынбайтын, намыссыз екен. “Қызым” деп, бауырыма тартып, үйіме қондырып, дәм татқызып жүрген көңілімнен садаға кетсін!!! Алла бар болса, осы жаласының жазырын тартары сөзсіз. Бірақ мен Аллаға тапсырып, отыра бермеймін. Алдымен заң алдында айтқан өтіріктері, жалған күйесі үшін жауап береді, жазасын алады.
Көп сөйлеп, уақыттарыңызды алмайын. Соңғы постымның сілтемесін тауып, салам, комментке.
 
Сол жерде соңына дейін осы қыздың ары мен абыройын жауып, Жанқошты кінәлі етіп, кеткен болатынмын. Шын мәнінде бұл қыз оттағандай, екінші тараппен “келісімім” болса, дәл олай жазбайтынымды көзі қарақты адам айтпай-ақ ұғады. Оған бірақ бұл байғұс қыздың басы жетпейді ғой.
 
Мефедрон мен ішімдік адамның санасын улап, мисыз қып қояды ғой. Мефке Жанқош отырғызды деген. Рас та шығар. Оған сенем. Жанқошты жек көретінім де содан. Онымен “келіскен” адам жек көретінін айтпаса керек. Оны мектеп оқушысы да түсінеді. Ал зорланғанына күмәнім көп..Істен кетуімнің басты себебінің бірі де - осы еді..Ол жайттарды келесі постта айтайын. Мен түскі үзіліске шыққам.
 
Тергеуде жүрген адаммын ғой. Қызым ашуланып, ана скринді жібергесін, жазып отырмын. 9 айдағы оқиғаны түгел тізбесем де, есіме түскен ессіздіктерін жасырмай, айтам. Өз абыройын қыз бала өзі ойламаса, әбден бұзылып тынған адамның абыройына мен не үшін бас ауыртуым керек?!.." деп жазған адвокат Ләззат Ахатова қолында бар скриндерді парақшасында жариялады. 
Барлық жаңалықтар