"Афериссіңдер, қатындар!" деген блогер Мөлдір Анарбай дәстүрді былықтырғандарды айыптады

"Афериссіңдер, қатындар!" деген блогер Мөлдір Анарбай дәстүрді былықтырғандарды айыптады

Белгілі блогер Мөлдір Анарбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қазақтың салт-дәстүрін өз беттерінше түрлендіріп, құбылтып жүргендерге қатысты пікірін білдіріп, бұл масқараға тоқтау салу керегін айтты деп жазады Democrat.kz.

Блогер Мөлдір Анарбай қазақтың кей дәстүрлерінің адам түсінбес жағдайда түрленіп жатқанын кей әйелдердің, кейбір байшыкештердің ойдан құрастырып тапқан дүниесі екенін айтады. 

"Тойдың кәде-сәдесін көбейтуді қою керек деп көптен бері айтып жүрміз ғой. Қыздың "қалыңмалы" болатын, қазір "ана сүтін" қосты. Ол аздай, енді "әке күші"дегенді қосты. 

Тоғыз беру кәдесі ғой, қазір "достар тоғызы", "жеңгелер тоғызы" дегенсалтта жоқ дүниелермен толықты. Жоқты пайда етіп отырған қатындар, сендер оңбайсыңдар!

Ішің пысып, не істеріңді білмей, осындайды шығарып отырсыңдар. Афериссіңдер ғой! "Біз жеңгелер боп апарамыз" деп ойдан шығарып алғансыңдар. 

Шығарыңдар! Бір мәшинеге толтырып, қытайдың заттарын апарып "тоғыз" деп апарыңдар. "О, мыналар тоғызды толтырыпты" деген сөзге семіресіңдер ғой! Оңбайсыңдар!"- деген блогер күйінішін жеткізді.  

Барлық жаңалықтар