Африканға тұрмысқа шыққан атыраулық блогер айыппұл арқалады

Африканға тұрмысқа шыққан атыраулық блогер айыппұл арқалады

Атырауда танымал блогер, афроамерикан еркекке тұрмысқа шыққан қазақ қызы интернеттегі трендке түсірілген видео үшін айыппұл алды деп жазады Democrat.kz.

Бейнежазбада жүргізуші көлік қозғалысы кезінде әзіл ретінде рөлді әдейі жіберіп, жол қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекет жасаған.

Полиция аталған видео бойынша Toyota Camry көлігінің жүргізушісіне бірнеше баппен әкімшілік хаттама толтырған: құжаты жоқ әрі көлік басқаруға құқығы жоқ күйде басқару, маневр жасау ережесін бұзу, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тағу талаптарын сақтамау. Сонымен бірге жолаушыға да жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін хаттама рәсімделген.

Блогер Заида Онуора айыппұлдың орынды екенін айтып, отбасымен бірге төлеп қойғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, видео түсірер алдында айналада адам мен көлік жоқ екеніне көз жеткізген, бірақ бұл әрекетті ақтамайтынын мойындаған.

Барлық жаңалықтар