Әлеуметтік желі қолданушысы аттракционда оның аяғына қатты зақым келгенін, шұғыл түрде қан қажет екенін жазған, деп жазады Democrat.kz. сайты kaz.inform.kz.-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті аталған мәселеге байланысты түсінік берді.
- Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта аталған іс аясында оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері басталды. Қылмыстық іс бойынша заңнама талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, - делінген хабарламада.
Істің тергелуі департамент басшылығының бақылауында.