"Аялдамадағы аянышты Наурыз мейрамы": ШҚО-дағы ауылдың Наурыз мейрамы жұрттың жүрегін ауыртты

"Аялдамадағы аянышты Наурыз мейрамы": ШҚО-дағы ауылдың Наурыз мейрамы жұрттың жүрегін ауыртты

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысының бір ауылында автобустың ескі аялдамасында ән айтып, Наурыз мейрамын тойлатып жатқан кісілердің видеосы тарады. Осы видеоға қатысты журналист Гүлмира Әбіқай пікір білдіріп, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Видеоны көргеннен қуанбадым, жүрегім ауырды, жылағым келді. ШҚО, Марқакөл ауданындағы Қазақстан (Шығыншы) ауылы. 

Тау етегіндегі шағын елді-мекен халқының көңілін аулап жүрген ауыл әкімі. Ауылда кеңес заманынан қалған аялдамадан басқа көрікті жер жоқ.

Бұл ауылда клуб, мәдениет үйі атауымен жоқ. Тұрғындар өнерін тамашалайтын жалғыз көрікті мекен - остановка. Осы аялдаманы ұтымды пайдаланып бір ауылға Наурыз мерекесін ұйымдастырып берген әкімі Азамат екен.


Жол жоқ екені көрініп тұр, елді-мекенге газ да келмеген-ау. Ауылдан ел көшсе де, елден көшпеген қайран ауыл…
Дәл осы аймақтан сайланған депутаттарға бұл үлкен сын! Мәжілісте кім жүр ШҚО-дан?", деп сұрау салды Гүлмира Әбіқай.

Автобус аялдамасында "өткен" Наурыз мейрамына қатысты жұрт "сұмдық, мұндай да ауыл бар ма бізде", "билік қайда қарап отыр?", "біздегі ең аянышты Наурыз екен", "жүректі ауыртты" дегенге саятын пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар