"QazBilim" мектептер желісінің басшысы Аятжан Ахметжанұлы бүкіл облыстардағы мектептерінің жабылғанын айтып, оның себептеріне қатысты мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.
"QAZBILIM жобаларының ең ауқымды бағыты ұлттық лицейлер бағыты ең ұзағы төрт жыл жұмыс істеп, өз жұмысын тоқтатты. Нәтиже ата-аналарымыз жақсы біледі. Бір жыл оқығанның да, төрт жыл оқығанның да.
Сонымен 2023 жылдың наурызынан басталған әр түрлі қысымдар, ең әлсіз жерім қаржылық қыспақпен болды да ресми түрде жұмысын тоқтаттым. Иә, өте ауыр шешім және өте ауыр күйде қалсам да, аяқтан қайта тұрар күн туады деп ойлаймын.
Бар күшімді екі бағыт QAZBILIM орталығы мен QAZBILIM кітаптары бағыты бағытына саламын. Бірінші мақсат мойындағы қарыздан құтылу. Құзырлы орган төлемесе де, мен елдің алдындағы жауапкершілігімді ада етуім керек. Сол үшін соңғы мәлімдем болсын.Қолдаған барша жанға алғыс айтамын., қандай да бір менен алары бар адамдардан, зияным тиген адамдардан кешірім сұраймын.Ержігіттің мойынындағы қыл арқан шірімейді. Алла басқа амандық берсе парызды өтейміз. Табалап жатқандарды құдайға тапсырдым, олармен айтысар жайым жоқ.
Жобаны маған сенетін, қолдайтын жандар бар екенін, QAZBILIM -нің қашанда жанашырлары бар екенін білемін. Біз жүйемізді сақтаймыз, сондықтан, сапалы білім беруімізді, сапалы кітаптарымызды жалғастыра береміз.
Бүгін мектебіміздің заттарын көлікке тиеп,ғимаратты босатып жатқан сәтте куә болдым. Қанша уақыттан бері жабылатыны жайлы біліп жүрсем де түбегейлі мойынсұнбай,үмітімді үзбей келгенмін. Мына көрініс ауыр соқты…Өкінішті…Ұлт үшін үлкен маңызы бар, ұрпаққа дұрыс тәрбие мен білімді қатар беріп отырған осынау @qazbilim.litseyi мектептерін жауып,ғимараттарды қаңыратып босатқанда кім не ұтты? @aiatjan ұлты үшін шырылдап жүрген ұстаздың сағын сындырғанда кім не ұтты? Кімнің мақсаты орындалды? Қанша жазғанмен іштегі өкінішті жеткізу мүмкін болмай тұр. Өкінішті…
Баршаңызға мың алғыс!
Жақсы күндеріміз көп болсын!"деп жазды Аятжан Ахметжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.