Айдана Меденова қызының хиджаб кигеніне қатысты ойын бөлісті

Айдана Меденова қызының хиджаб кигеніне қатысты ойын бөлісті

Өнерден кетіп дінге бет бұрған Айдана Меденова кішкентай қызының хиджаб кигеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Democrat.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Экс-әншінің сөзінше, қызы Амина орамалды өзі қызығып таққан көрінеді.

“Көпшілігі асыра сілтеп, бізді қызымызды хиджаб киюге мәжбүрлейді деп жазып жатыр. Естеріңізге саламын: Амина әлі бала. Бұл жаста хиджаб кию міндет емес. Егер ол бүгін шешіп тастаймын десе, ешқандай мәселе жоқ. Мен әрқашан Аминаға: сен өзіңнің құндылығыңды ешкімге дәлелдеудің қажеті жоқ деп айтамын. Хиджаб – бұл қысым емес, Аллаға деген махаббат пен өз-өзіңді құрметтеу. Бұл – таңдау. Мен бұған жылдар бойы жеттім. Ал қызым бұл қадамға менен де тез әрі шынайы барды. Әр адамның жолы өзіне тән. Мен тек дұға етемін, оның жолы жеңіл, саналы әрі нұрлы болсын", – деп қызу талқыға үйіндеді Меденова.

Айта кетейік, Айдана Меденованың ағасы қарындасының өнерден кеткеніне ренжіп жүргенінжасырмаған еді. 

“Айдана – өте дарынды қыз, білесіздер ғой. Бала кезінен қаншама байқауға қатысып, әннің майын тамызып келе жатқан қыз еді. Менің анам да сондай болатын. Айдана сол кісіге тартқан. Негізі, мен мұндайға қарсымын. Әр адам өзі біледі ғой, сол секілді Айдана да өзі біледі. Бірақ түбі әнге қайта келетін сияқты. Дінде "ән айтуға рұқсат жоқ" деп айтпаған шығар, білмеймін. Өз басым өнерден безетіндей жамандық көрмедім. Орамалын шешпей-ақ әнін айтып жүре беруге болады”, – деп ренішін жасырмаған еді. 

Барлық жаңалықтар