"Айдос Сарым, жұртты шатыстырма" деген профессор депутатқа ескерту жасады

"Айдос Сарым, жұртты шатыстырма" деген профессор депутатқа ескерту жасады

Профессор, тарихшы Қуандық Есенғазы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында депутат Айдос Сарымға арнап жазба жариялап,  депутаттың сөздерін жоққа шығаратын дәйектерді келтірді деп жазады Democrat.kz. 

«Халықты адастыратыны да, тура жолға бастайтыны да
оқығаны»-деген Жүсіпбек Аймауытов.

 Қазақстанның  саяси истеблишментінің ішіндегі  Айдосты саяси сауаты өте жоғары,   айлакер  саясаткер ретінде  танимын. Бұл жағымпаздық емес,  Айдоспен бұдан 25 жыл бұрын Ақпарат министрлігінің ішкі саясат департаментінде   қызметтес болып,  оны  білгендіктен  айтып отырмын.    

«Барды бар, жоқты жоқ» деп айтатын өмірлік қағидам басқаша айтқызбады.  Көп оқитын, мамандығы тарихшы,  артық сөзі жоқ, үлкенді сыйлай білетін,   талантты жігіт болатын.
 

Ширек ғасыр өткен соң  оған да «жал» бітіпті.  Биліктің шашбауын көтеру жолында  папулизмге  бой  ұрып, өтірікке жүгініп, жұртты шатастырудың неше түрлі әккі тәсілдерін меңгеріпті. Осы жерде  мына екі гректің  ғұлама  ғалымның пікірталасын келтірейін: СОКРАТ  пікір таласудан бас тартқан замандасы АГАФОНға: «сенің менімен айтысуға шамаң келеді, бірақ, ақиқатпен айтысудан тайсақтап отырсың» деген екен. Қай кезде де шындықты шырағын ұстаған адамның қолы күйген.  Көз көріп, құлақ естігенді ақиқатты бүркемелеп, тепкілеп жерге көмбей төбеге шығарған дұрыс.  Шындықты айту деген өтіріктің ғұмырын қысқарту! Ақиқат күште емес, күш ақиқатта!  
       

Бұрынғы оппозициялық көзқарастағы Айдостың Конституциялық комиссияның 29 қаңтардғы отырысында көппартиялық жүйе туралы  төмендегі пікірі, жалған тұжырымдары, бұрмалаулары  шындыққа жанаспайды.

Осы айтқандарына жұртты сендіріп, заңдастыру жолында былай  көсілді:  «В настоящее время так называемая чистая партийно-пропорциональная система выборов действует в таких европейских странах, как Бельгия, Испания Финляндия, Швейцария, Болгария, Швеция, Норвегия, Нидерланды. Кроме того, по ней формируются парламенты  таких стран, как Аргентина, Бразилия, Боливия, Эквадор, Израиль, Индонезия и так далее. Поверьте, избиратели, законодатели, юристы этих стран не считают, что данная система как-то дискриминирует права их граждан избирать и быть избранными. Это нормальная, здоровая международная практика. Многие эксперты считают, что пропорциональная система обладает значительными преимуществами перед мажоритарной системой. В числе таковых эксперты называют фактор справедливости. Партии получают в парламенте  ровно  столько голосов, сколько за н их отдали избиратели», -  деп атап көрсетті.

     

Саясаткер  атаған 14 ел  қандай жетістігімен  Қазақстанға үлгі болуы тиіс? Әлемдегі 200 жуық мемлекеттің барлығы көппартиялық жүйемен өмір сүрсе бір сірә.

Аталған елдердің көбі европалық  елдер. Олардағы көппартиялық жүйе сонау 17-19 ғасырлардан бері дамып демократиялық құндылықтары әбден қалыптасқан.

Олардағы  көппартиялық жүйе,  біздегі секілді  жоғарыдан билік жасақтаған жасанды «қуыршақ» партиялар емес. Ол елдерде біздегідей халыққа төменен партия құруға  шектеу қойылмаған.

Жалпы партия пікірлестер ұйымы. Ал біздегі қазіргі 7 партия оның ішінде, өзің мүшесі болған «НҰРОТАН-«AMANATқа» мүшелікке  азаматтарды мәжбүрлі түрде енгізеді. Ол былай, жұмысқа тұрарда  «Аманатқа» мүше болам деп өтініш жазғызып алады.

Аталған партиялардың мүшелері тіпті өздері ол партияларда  мүше екендіктерін де білмейді, партиялық билеттерін де көрмегендер.

Мұндай көзбояушылық бастан өтті жұрттың бәрі жиркенішпен қарайды.

Саяси жүйеде партиялар алған бағыттары бойынша солшыл бағыттағы, центристік, оңшыл бағыттағы партиялар болып жіктеледі. Солшыл бағыттағы партиялар-революциялық күреске дайын өзгерістер үшін күресетін, халықтың мүддесін қорғауды мақсат етуші партиялар. Оңшыл бағыттағы партиялар, олар қоғамдық құрылысты өзгертуді қаламайды, күшті мемлекеттік құрылысты қолдайды, заңдылықты қуаттайтын партиялар. Ал центристік бағыттағылар қоғамды біртіндеп, реформалар арқылы ғана өзгертуді ұстанады. Біздегі 7 партия бұндай көзқарастан, әртүрлі бағыттан мақұрым.

Саяси партияларды топтағанда:  бір партиялық, бипартиялық (екі партиялық),  көппартиялық болып келеді. Бір партиялық жүйе көбінесе авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарға тән.

Ал екі партиялық жүйе АҚШ-та және Ұлыбритания мемлекеттерінде орын алып отыр. Мысалы, АҚШ-та барлық деңгейлерде билік үшін күресті республикашылар мен демократтар.

Ұлыбританияда лейбористер мен консерваторлар жүргізеді.

Сонымен бірге Қазақстанға неге басқа континетте жатқан қоғамдық құрылысы  мүлдем өзгеше,  ұқсамайтын, экономикалық  даму сатысы,  саяси мәдениеті  ұлттық, менталитеті де сәйкес емес салыстыруға келмейтін, жат  14 ел  ҮЛГІ болуы тиіс???
     

«Ол елдің заңгерлері сайлаушыларының құқығы бұзылды демейді ғой» деген  мысалың  орынсыз  сайқалдықпен қолданылған деп ойламайсың ба?
     «Пропорционалды жүйе азаматтардың сайлану құқығын шектейді деген пікір – қате. Бұл – халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын жүйе», – дегенің  саяси сауатсыз адамның пікірі, ал сені ондай деп ойламаймын. «Құқығын шектейді деген қате пікір» дегенің,  өзің жиі айтатын мықты биліктің зорлығы емес пе?   Елдің бәрін ақмақ  санау қаншалықты қажетті?
Бұл зорлығың тіпті  қолданыстағы Конституцияның 14 және 33 баптарына  да қайшы ғой. 
       

«Бұл модель сайлаушылардың ерік-жігерін неғұрлым дәл  көрсетуге мүмкіндік беретінін, көппартиялы жүйенің  дамуына ықпал ететінін және түрлі әлеуметтік топтардың саяси процеске қатысу аясын кеңейтетінін атап өтті» деген тұжырым қып-қызыл өтірік, сайлаушыларды мазақ етіп  қорлау.  
     

Айдос өткенде бір сұқбат беріп тұрып   біреулерге  «ТҮКІРГЕНІМ» бар ма? –дедің.  Бұл  астамшылығың депутат мәртебеңе лайық емес  қылық қой.  

Олар да халықтың өкілдері сенің сайлаушыларың емес пе? Бұл қылықтарың мен әрекеттерің ұлтыңа жасаған қиянатың, өз тарапыңнан жан ашымаған қатыгездік деп ойламайсың ба? 
       

Сөз соңында өзің жаның қалмай қолдап жүрген Тоқаев  мырза,  2022 жылы 16 наурызда Жолдауында: «Партияда жоқ адамдар жергілікті органдарға да сайланбайтын болды. Сайлауды қаламайтындар саны көбейіп кетті. Осындай жағымсыз жәйттерді ескере отырып аралас сайлау жүйесін енгіземіз Азаматтардың құқығы толық ескерілуі керек»-деген болатын.
   

 "Мною предлагается перейти к более гармоничной смешанной избирательной системе, которая в полной мере учтет права всех граждан", - подчеркнул Президент Республики Казахстан. "Пропорционально-мажоритарная модель будет лучше отражать интересы избирателей, как на национальном, так и на региональном уровне", -  деді.  Міне Президент басымен екі сөйлемейтін, айтқан сөзінде тұратын шығар. Ал Айдос аманшылықта бол?" Деп жазды профессор Қуандық Есенғазы. 

Барлық жаңалықтар