Мәскеуде қайғылы оқиға тіркелді. 5 жастағы баланың мәйіті Братеевская көшесіндегі пәтерлердің бірінен табылған. Алдын ала дерек бойынша, қылмысқа баланың 46 жастағы анасы күдікті деп жазады Democrat.kz.
Baza хабарлауынша, әйел таңертең шіркеуге барып келгеннен кейін ұлын өлтіруге шешім қабылдағанын айтқан. Оның сөзінше, баласын «жұмаққа жібергісі келген». Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктінің психикалық ауытқулары болуы мүмкін.
Әйел ваннаны суға толтырып, баланы сол жерге алып келген. Алдымен оның мойнына жіп салып тұншықтырған, кейін ваннаға батырып өлтірген. Оқиғадан соң жедел жәрдемге өзі қоңырау шалған.
Аталған дерек бойынша кәмелетке толмаған баланы өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысы **Мәскеу прокуратурасының бақылауында.