"Естімеген елде көп" деген бес баланың әкесі осы күнге дейін өзі бағып-өсірген баланың әкесі өзі емесін білген деп жазады Democrat.kz.
Бұл оқиға Түркияда болған. Түркиядағы адамның ақылына сыймайтын ақпараттар туралы күн сайын хабарлап отыратын Дениз Сафоғлу бұл жолы өз елінде жаға ұстатар жаңалығымен бөлісті.
"Телеарналардан шыққан мына ақпарат сізді таңғалдыра ма? Еркек өзі өсіріп-баққан бес баланың әкесі басқа адам екенін біледі. Ең қызығы, әлгі бес балаға ДНҚ тестін жасатқанда, бес баланың әкесі бес түрлі еркек болып шықты.
Әйелі 15 жыл бойы жұмыс істеген фабрикадағы бес еркектен бес бала тапқан! Ең сорақысы, ДНҚ тесті ортаға шыққан соң, бесінші баланы әкесі деп танылған көлік жүргізушісі "мен геймін, бұл бала менікі болуы мүмкін емес!" деп ыршыды" деген Дениз Сафоғлу еліндегі шок жаңалықтарға өзі шок болғанын айтады.
Айта кетейік, бұл оқиға туралы түркиялық "Мүгемен бірге" атты телеарна бағдарламасында кәдімгі шоу болып, бір отбасының масқарасы шыққан.