"Қайнымыздың алдын кесіп өтпейтінбіз" деген түркиялық қазақ әженің видеосына пікір жазған қоғам белсендісі Ахметбек Нұрсила "Қазақстанда матриархат басталады" деді деп жазады Democrat.kz.
"Түбі әйелдер жеңеді. Қазақстанда да Патриархат дәуірі аяқталып, Матриархат дәуірі басталып жатыр.
Европадағы сияқты өмірге ұрпақ әкелу азайып, отбасылық құндылықтар жойылу үрдісі болып жатқанын көріп отырмыз, бірақ қайран жоқ, ештеме істей алмаймыз.
Неге түбі әйелдер жеңеді де Матриархаттық қоғам орнайды?
Бұрынғы дәуірде әйел еркексіз күні көре алмайтын, өйткені қандай мықты болса да жүкті болғанда, босанған соң әйел адам үйде отыруға мәжбүр, аң аулау, мал бағу отбасын тамақпен қамтамасыз ету еркектің мойынында болған.
Қазіргі заманда әйел еркексіз сәнге күнін көре алады, бала тапқсысы келсе "жолдан тауып" ала алады. Жүкті болса босанғанға шейін жұмыс жасай алады, босанған соң күтуші жалдап жұмысқа шығып кетіп, болмасаа үйден ақ істеп өзін өзі асырай алады
Ажырасып жатса балалар көп жағдайда анасымен кетеді, кейін қартайса балалары бағады
Ал еркектің әйелсіз күні қараң, ажырасса балалары әйеліне кетіп, өзі қара басы қалады, қартайса соқа басы қалып, асырайтын, қарайтын адамы да болмай қалады
Сондықтан еркек әйелге тәуелді, сөз айтуға да қорқатын болады, болып та жатыр.
Еркек бұрын табысты аң аулап, мал бағып, шөп шауып деген сияқты қара күшімен тапқан, қазір оның бәрін техника істейтін болды. Қазір әйел еркектен де көбірек табыс таба алатын заман келді, сонымен еркектің күні тәмам болды.
Мына әжеміз сияқты дана әйелдер жоқ, олардың болуы да мүмкін емес ау. Қазақтың әйелдерінің Құндылықтары, Ұстанымдары осы әженікіндей болса онда отбасында мықты, өзіне сенімді, отбасын асырай алатын ер азамат өсіп шығар еді.
Көп табыс тапқан, ер азаматты сыйламайтын әйелдер ынжық, қорқақ, өзіне сенімсіз ер бала тәрбиелеп шығарады. Өйткені ол отбасындағы әкесінің түрін, қылығын көріп қайталайды" деп жазды Ахметбек Нұрсила.