"Әйелім 6 баламен тастап, көңілдесіне кетті" деген Әлібек сұмдық жайттарды сөз етті

"Әйелім 6 баламен тастап, көңілдесіне кетті" деген Әлібек  сұмдық жайттарды сөз етті
Танымал журналист Жазира Бегалы тағы бір ауыр тағдырлы отбасының жағдайын айтып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
"Таңертең емханада қан тапсырып отырсам, телефонға тыным жоқ.

Мына видеодағы Әлібек бірнеше күннен бері телефоныма тыным бермей жатыр. Талдықорған қаласы маңындағы Бесқайнар ауылының тұрғыны. 5 перзентіне киім , сөмке, қажетті құралдарды сатып алатын ақшам жоқ дейді.
 
Оның айтуынша әйелі Сапаргүл 6 баласын тастап Алматыға кеткен. Үйдегі 5 перзенті мектепке барады. Ал 13 жастағы қызы мүмкіндігі шектеулі.
 
Әлібек мемлекет тарапынан беретін жәрдемақыларды әйелінің жеке басына пайдаланып жүргеніне ренжиді.
 
Өзі жалданып жұмыс істейді. 25-30 мың теңге бала-шағаның тамағынан артылмайды дейді. .
Жұбайлар 17 жыл отасқан. Ері 45-те, зайыбы 40 жаста.

Бұл жерде мені алаңдатқан 6 ұл-қыздың тағдыры. Әр ата-ананың міндеті бала-шағасын бағу, білім алу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
 
Соның ішінде мүгедек балаға ерекше күтім керек. Мемлекет ата-анаға ерекше баланы баққаны үшін жарымжан перзентінің жәрдемақысының көлеміндей қаржы төлейді. 
 
Мемлекеттің қазынасынан бөлінген жәрдемақыны қорғаншысы баланың массаж алуы, қимыл-қозғалысын дамыту секілді шараларға жұмсауы керек. Көпбалалы отбасы ретінде де мемлекеттен ақша алып отырған жұбайлар ақшаға таласып жүргенде жәутеңдеген кәмелет жасқа толмағандардың құқығын кім қорғайды? 
 
Балалардың қамын жасау, келешегін , денсаулығына алаңдамай үйден безген аналар, әкелер неге тайраңдап жүреді? 

Видеодан қыздарының жабырқаған жүзін көргенде көзіме жас келді. Үсті-басы жұпыны. Көздерінде мұң.
 
Осындай біреуі қаңғып жүрген , екіншісі әйелінің көңілдестерін аңдып отырғанда 6 бала бойына қандай тәлім-тәрбиені сіңіріп жатыр екен?"деп жазды журналист. 
 
 
Барлық жаңалықтар