"Әйелімнен күдіктендім" деген "Шаншардың" әртісі жұрт білмейтін құпиясын айтты

"Әйелімнен күдіктендім" деген "Шаншардың" әртісі жұрт білмейтін құпиясын айтты

Кезекті бір сұхбатында "Шаншар"  театрының актері Ғалымжан Қаппаров отбасылық қызықтары мен жұрт білмейтін құпиясымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

"Төрт ұлым бар. Бір қызығы, төрт баламның ешбірі маған ұқсамаған. Төртеуі де ашық реңді, жіңішке келген...

Үйге келген кісінің бәрі "балаларың саған ұқсамайды"дей беретін. Әркім солай "балаң саған ұқсамайды" дей берсе, біртүрлі болады екенсің. 

"Бұл қалай"дегендей, әйелімнен күдіктендім. Бірақ не деп күдіктенем, күндіз де, түнде де қасымда ғой. 

Төрт ұлдан кейін туу күнтізбесімен арнайы дайындалып, қыз күттік. Құдайға шүкір, өзімнен айнымайтын, өзім "Тайсонның әйел версиясы" дейтін қызым бар қазір", деп күледі Ғалымжан Қаппаров. 

 

Барлық жаңалықтар