Әйелін қорлап, мұрны мен құлағын кесіп алған: Оқиға жұртты шошытты

Әйелін қорлап, мұрны мен құлағын кесіп алған: Оқиға жұртты шошытты

Әлеуметтік желіде өз әйелін әбден азаптап, бетін пышақпен тілгілеп, мұрны мен құлақтарын кесіп алған еркектің әрекеті туралы ақпарат жұртты шошытты деп жазады Democrat.kz.

Оқиға Қырғызстанда болған екен. Азамат Естебесов бұрынғы жұбайы Әсел Ноғайбаеваның үйіне басып кіріп, оған аса қатыгездікпен шабуыл жасаған.

Ол әйелдің бетін пышақпен тілгілеп, мұрны мен құлақтарын кесіп тастаған. Асельді таң атқанша азаптаған.

 

Сол уақытта ерлі-зайыптылардың 10 жастағы ұлы сол бөлмеде болған. Бала көрпенің астына тығылып, әкесінің анасына жасаған қорлығын түгел естіп жатқан.
Әсел күйеуімен 10 жыл бірге өмір сүрген, олардың 15 және 10 жастағы екі ортақ баласы бар. Күйеуінің тұрақты түрде ұрып-соғып, қорлық көрсетуіне шыдамаған әйел одан кетуге мәжбүр болған.

 

Алайда неке бұзылғаннан кейін де бұрынғы күйеуі Әселді тыныш қалдырмаған. Ол әйелдің жұмыс орнына жиі келіп, жанжал шығарып, күш көрсетіп отырған.
2024 жылы сот Естебесовты 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен.
 

Барлық жаңалықтар