Танымал журналист Әйгерім Сейфолла эфирде жылап, ешкім білмейтін сырын ақтарды деп жазады Democrat.kz.
"Эфирден, телеарнадан кетемін деп талай оқталдым. Ұлымның диагнозын алғаш естіген сәтте кетіп те қалдым. Жұмысқа шақыртуларды қабылдамай 1 жылдан артық үйде отырдым.
Ұлымның ерекше екенін ешкімге айтқым келмеді. Алайда аутизмі бар балалардың көбейіп бара жатқанын көріп, олардың аналарымен сөйлесіп, БҰЛ ДИАГНОЗ ашық айтылу керек екенін ұқтым.
Міне 4 жылдан асты мен ерекше балалар жайлы парақшамда, ютуб арнамда жиі айтып жүрмін. Бүгін еліміздің бас арнасы @qazaqstantv ұлттық арнасында эфирге шыққан “Қазір айтайық” әлеуметтік жобасында Аутизмі бар балалардың жалпы білім беретін мектепте оқуы туралы өзекті мәселені көтердік.
Мені қолдаған @qazaqstantv арна басшылығына, ұжымыма алғыс💐 Біз мәселені ертеңге қалдырмай, қазір айтамыз!" Деп жазды журналист.