Танымал дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева бір әннің тарихына қатысты естелігімен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
"Несіпбек Айт ағамның ақ жүрегімен сөзін жазып берген, әннің тарихы осылай жазылған еді.
Әкем Алматыға інім Ержанның шаңырағына құтты болсын айтып, балаларына қыдырып келіп, кенеттен қызуы көтеріліп ауырып қалды.Інім екеуміз ауруханаға апардық, Әкемді ауруханаға бірден жатқызды, жайғастырды, палатасының номерін білмеймін, бізді кіргізбеді.
Алматы таулы жер ғой, аурухана еңістеу орналасқан екен. Ауруханадан далаға шығып кетіп бара жатсам, екінші қабатта әкемді көріп қалдым. Әкем сол баяғыша орамалын алып көзін сүртіп жатыр екен, бірден таныдым.
Әкем бұрыннан да денсаулығында сыр болып дәрігерлер бір жыл өмірі қалыпты депті, інімнен естігенде көз жасыма ерік бермедім, не болса да тәуекел, өзінің арманы барлығымыздың оқуға түсіп үздік диплом алғанымызды көрді ғой деп, шүкірлік еттім.
Содан жүрегім ауырып, әкеме қарайласатын қасында қос бауырым Ержан.мен Сағитжан болғасын демалысым бітісімен Астанаға жұмысыма кеттім.
Ол кезде Астанада Евразия университетінде музыка факультетінде ұстаздық қызмет ететінмін
Таңертең жұмысқа келгесін, рояльға жайғасып әуендерді тарта бердім, жүрегімде кешегі терезеден көрген әкемнің бейнесі кетпеді. Әкеме әнімнің әуені құлағыма келді.
Содан университетте ақын Несіпбек Айтұлы ағама қолқа салдым, ол кісі бірден сөзін жазып берді.
Әкеме осы әнді орындап бердім, Айгөлегім менің-, деп әкем ризалығын білдірді.
Мені ұзатқанда да, осы әнді айтқанымда көрші-көлем, ағайын, туыстың, құдалардың бәрі жылады, бәрі батасын берді, құрдастары Иманқұл арманың жоқ деп, Айнжамал апам @miuaniz - Миуа апамның туған апасы, Байдырахман ағаммен көрші Ұрқия әже, Әсия апамдар әкемді мақтап жатты.
Ауруханада 1-жыл өмірі қалды деген әкем, одан кейін 4-жыл өмір сүрді. Мен бақытты әкемін, балаларым өз еңбегімен оқуға түсті, жоғарғы оқу орнын төртеуі үздік дипломмен бітірген деп қуанатын.
Менің аман жүргенім осы алты баламның тілегімен деп айтушы еді, марқұм әкем. Бұл әнді алғаш рет Астанада өткен шығармашылық кешімде эстрадалық өңдеуде айтып, көрермендер жылы қабылдады.
Бауырларым концерттерімде әкемді еске алып,көрермендермен бірге жылап отырғанын көріп, өзім де жылап жіберетінмін. Бірақ, бұл шығармашылық кештерімді әкем марқұм көре алмай кетті"деп жазды әнші.