Белгілі актриса, әнші Айгүл Иманбаева бағалы әшекейлерін ұрлатып, жоғалтып алғанын айтып, асыл тастарға қатысты өз пайымын жеткізді деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желідегі парақшасында Айгүл Иманбаева: "Өте көп бриллианттарымды ұрлаттым, жоғалттым. Бірақ достарыма да таратып жібердім.
Киімдерімді де солай таратып жіберемін. Негізі бриллианттарды ешкімге бермеу керек екен. Берсең, қатып алмау керек. Себебі оның энергиясы саған жұғады", деп құрбысынан бриллианттарын сұрап тұрғанын, бірақ құрбысы асыл тас бұйымдарын бергісі келмей тұрғанын айтты.