Айгүл Иманбаева Лос-Анджелестегі үйін көрсетті

Айгүл Иманбаева Лос-Анджелестегі үйін көрсетті

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева Лос-Анджелесте тұратын көршісі Иринаны жұртқа таныстырды. Челябі қаласынан шыққан Ирина бүгінде мексикалық азаматпен отбасын құрып, үш баласымен бірге АҚШ-та өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды Democrat.kz Todayinfo-ға сілтеме жасап.

 

Иманбаева желідегі парақшасында Иринаның үйін, өзінің ауласын, тұрмысын, отбасы мүшелерін көрсетіп, Америкадағы қарапайым өмірдің бір сәтін бөлісті.

Алайда бейнежазбаның астына кейбір желі қолданушылары «Баракта тұрасыңдар ма?» деген сарындағы сын пікірлер қалдырған. Бұл сөздерге қарсы шыққан көпшілік:

"Үйдің үлкен-кішісі емес, ішіндегі жылулық маңызды", "Америкада өмір сүру оңай емес, адал еңбектің арқасында күн көріп отыр", "Қарапайым үй – қарапайым бақыт” деген пікірлерін қалдырды.

Барлық жаңалықтар