Айгүл Иманбаева сүйінші жаңалығымен бөлісті

Айгүл Иманбаева сүйінші жаңалығымен бөлісті

Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева немересі дүниеге келгенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Өнер иесінің ұлы, жас режиссер Асылжан Әбдімүтәлі ұлды болды. 

“Сүйінші, достар! Екі немеренің әжесі болдым. Айсұлу мен Айсұлтан. Жаратқанға сансыз мадақ! Айсұлтан Асылжанұлы", – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары жаппай ақжарма тілектерін жаудырып жатыр. 

“Екі дүркін әже, немереңіздің бауы берік болсын!", "Менің жаным Айекем екі дүркін әже болып жатыр, балапанның жасы ұзақ, бақытты болсын!", "Үлкен азамат болып өссін", "Қазақтың қызы, Американың келіні екі дүркін әже болып жатыр. Құтты болсын, Айгүл ханым", деп жазды көпшілік.

Барлық жаңалықтар