Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекованың күйеуі, спортшы Сәкен Қағаров сынға қалды.

Желі жұлдызы жеке парақшасында күйеуі аяқ киімін кигізіп, аяғынан сүйіп жатқан видеосын жариялады.
“Мұндай сәтті ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың”, – деп жазды Сәкен Қағаров.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, екі жастың іс-әрекетін қызу талқылап жатыр.
"Жанар Айжановаға осы көрініс ұнайтын сияқты?!”, Осындай қамқор жігітті қайдан табуға болады?", "Айжұлдыз бақытқа лайық", – деп сүйсінсе, енді бірі: "Өзінің туған анасын осылай сыйлады ма екен?", "Бұл өнеге болатын дүние емес", "Барлығымыз әйелімізді құрметтейміз, бірақ шектен шықпау керек", "Атам көрсе ұрсып тастар еді", – деп сынға алды.
Stan.kz