"Аймағамбетовпен айқасу басталды": Зейнеткер ұстаздың жазбасы жүздеген кісінің ренішін оятты

"Аймағамбетовпен айқасу басталды": Зейнеткер ұстаздың жазбасы жүздеген кісінің ренішін оятты
Зейнеттегі қарағандылық ұстаз Нұргүл Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында депутат Асхат Аймағамбетов туралы жазба жариялап, жазба қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz. 
 
Өз жазбасында Нұргүл Әбілдина: "Экс-министр Асхат Аймағамбетовтің пиар-науқаны оның министрлікті басқарған кезде басталып, әлі күнге дейін жалғасып келе жатыр.
 
Әлеуметтік желіні ашып қалсаң, алдыңнан жыртың-жыртың етіп шыға келеді. Өз ағзасын донор ретінде басқаларға беруге дайын (қашан?) екендігін айтты, түнгі клубқа барып демалған мұғалімдер туралы айтты, медициналық сақтандыру туралы айтты, күні кеше де қолындағы шпаргалкасына қарап тағы бірдеңе айтты. Айта берсін! Айтқаны үшін ақша алмай ма, ақша болғанда, қомақты ақша!
 
Бірақ айтпай, сұраққа жауап бермей, қашып кететін де жағдайлар өте көп. Өткенде Қарағандыға келді, (ұпайларын жинап, түгендеу мақсатымен), блогер Мурат Нургалимов сұрақ қоя бастап еді, бірде-біреуіне жауап бермеді, айқайға басты "Это вам не интервью!"- деп. Одан кейін "жағымсыз" сұрақтарды қойған блогерді бұғаттап тастапты! Таныс жағдай! Ұнамаса, бұғаттап тастайды, бітті!
 
Блогер мен журналистер мына нәрсені түсінуі керек: Аймағамбетов тек қана алдын ала дайындалған, онымен келісілген сауалдарға жауап береді, сұхбат болса, ол бекіткен сценарий бойынша өтуі керек.
 
Мен мынаны түсінбеймін: ол неге өзіне жақпайтын адамдарды бұғаттайды? Иә, жеке тұлға ретінде ондайға құқығы бар.
 
 
Бірақ ол халыққа қызмет ететін депутат емес пе? Әріден соң, оны асырап, оған жалақы төлеп отырған біз: мен және бұғатталған блогер, тағы басқалары..
 
Аймагамбетов жай бір қатардағы адам болса, онда шаруам болмайтын еді: не ішті, не жеді, жұмысым жоқ. Ал парламентке барды ма, сұрақ қоюға құқығым бар: Не ішті? Не жеді? Жеп үлгерді ме?
 
Біздің қоғамда мынадай жалған пікір қалыптасқан: Аймағамбетовке тек орыстілділер қарсы, себебі ол - нағыз ұлтжанды азамат, екінші Ахмет Байтұрсынов және т.с.с.Қателесесіздер", деп , кезінде мектептен кетуге мәжбүр болған, айтыскер ақын Асхат Бақтыбай - дың өлеңдеткен ескі жазбасын қосып жариялады. 
 
Зейнеткер ұстаздың Асхат Аймағамбетов туралы жағымсыз жазбасына жүздеген кісі қарсы пікір жазуда. 
 
Пкір жазушылар автордың бұл әрекетін "аяқтан шалу" деп бағалап, Асхат Аймағамбетов туралы өздерінің шынайы қолдау пікірін білдіруде. 

Барлық жаңалықтар