Айман Мұсаходжаева «бәйбішеден туған» ба? Пара берушіге Қылмыстық кодекстегі жазаны неге қолданбады?
Қазақ ұлттық Өнер академиясына 26 жыл ректор болған (1998-2024) скрипка тартқыш зейнеткер Айман Мұсаходжаева қайтадан сол қызметіне тағайындалу үшін 200 мың доллар пара беріп, делдалға алданып қалыпты.
«Қайтадан ректор қылам» деген делдал Арман Таженов 67 жастан асқан Айманның арманын орындамағаны үшін 4 жыл шартты жаза алып құтылды. Әрине, үнемі осындай алаяқтықпен «нанын тауып жеп жүрген» Арманға берілген жаза тым аз. Сондай-ақ, соттың А.Мұсаходжаеваны «жәбірленуші» деп тануы ақылға қонымсыз.
ҚК-тің 367-бабында А.Мұсаходжаева секілді пара бергіштердің кем дегенде мүлкі тәркіленіп, берген парасының 20-30 еселенген мөлшерінде айыппұл салынады немесе 5 жылға сотталатыны жазылған.
Дегенмен, сот шешімінен көріп отырғанымыздай, А. Мұсаходжаеваның «мұрты қисайған жоқ», тіпті делдалға берген ақшасын сот процесі кезінде қайтартып алыпты...
Коррупцияға қарсы күресті фарсқа айналдырған мынау қылығымызбен кәйтіп «Әділетті Қазақстан» құрамыз?!.
Ораз ӘЛІМБЕК, журналист.