Айман Сағидулла министрден көмек сұрады: Қазақстанда "қазақ тілі кабинетіне" жарымаған мектептер бар

Айман Сағидулла министрден көмек сұрады: Қазақстанда "қазақ тілі кабинетіне" жарымаған мектептер бар
Танымал белсенді ұстаз Айман Сағидулла өзі жұмыс істейтін мектепте "қазақ тілі" кабинетінің мүшкіл жағдайы туралы бүкпесіз айтты деп жазады Democrat.kz.
 
"Мен жұмыс істейтін мектепте қазақ тілі кабинеті болған жоқ.
 
Қай сыныпта денешынықтыру болса, сол кабинетте сабақ өтіп жүрдік. Мектеп басшылығынан кабинет сұрадым. "Кабинет жоқ,"-дегенмен шектелді.
Бір айдай бұрын қазақ тіліне арналған көрнекі құралдарым жоғалып кетті. 
 
Сол кезде БББ қоңырау шалып, кабинет жоғын айттым. Оған дейін хат жазған болатынмын.
Интерактивті тақта жоғын айттым.
Ол кісі екі интерактивті тақта жіберді. Басқа мектепте ұсталған тақта екен.
Елдің ескісіне де қуандық. 
 
Содан кабинет сұрадым.
Мына кабинетті босатудың өзі қиын болды.
Бұрын оқыған сынып (мемлекет берген) партасын көшкен кабинетіне алып кетті. Мемлекеттің мүлкі болса да қазақ тілі кабинетіне бұйырмады.
Әңгіменің қысқасы ескі парталарды жинап алып отырмыз.
 
Терезесі де ашық тұр.
Өзге ұлт өкілдері оқитын мектептің қазақ тілі кабинетінің түрі осы .
Тақтаның компьютермен байланысатын жері дұрыс істемейді. Ескі ғой. Кейде қосылса да кейде қосылмайды. Мына компьютерді кеше алып келді. Әрине ескі.
Интернетке қосылмайды. Тақтаға да қосылмайды. 
 
Мектебімізде интернет бар. Бірақ ,аты ғана бар. Заты жоқ. Қазақ тілі кабинетін алғалы интернет пайдаланып көрмедім.
Тақтаға өз телефонымыздан интернет қосамыз.
Мен сабақ беретін сыныптарда компьютерлер тұр. Бірақ істемейді. 
 
Басқа сыныптарды білмеймін.
Жақында ғана әрең жеткен қазақ тілі кабинетімізге сабақ кестесін жасап қойдық.
Дүйсенбі
1-сағат Айман,
2- сағат Алтынай ,
3-сағат Салтанат .
Дәл осылай кезекпен кіріп сабақ өтеміз. 
 
Әр мұғалімнің құқығы бар ол кабинетте сабақ өтуге.
Бұған да шүкір! Ескі болса да көзіміз интерактивті тақтаны көрді ғой.
 
Кей қазақ тілі сабақтары әлі де жертөле мен еңбек кабинетінде өткізіледі.
Қарасай ауданынан сайланған депутат Қасқарауов мырзаға қоңырау шалдым.
Кабинетті жабдықтауға көмек сұрадым.
Басын ауыртқан жоқ.
 
Әңгіменің қысқасы көмек қажет.
Жұлдыз Сүлейменова ханым! Біздің ауылға жаңа мектеп қажет. Ол туралы жеке жазба дайындаймын.
Одан бұрын жаңа компьютер, сапалы интернет, қазақ тілі кабинетіне жалюз бен жаңа парта қажет.
 
 Мүмкіндік болса жаңа интерактивті тақта қажет. Мынау ескі тақта. Жұмыс істеу қиындау.
Қарасай ауданына 2 жыл бұрын сұраныс жазып, тіркетіп кеткенмін. Өз атымнан. Қазақ тілі кабинетіне қажетті заттарды сұрап.
Алматы Облысының Білім Басқармасы на тапсырма беріңізші.
 
Өзге ұлт өкілдері оқитын мектепте қазақ тілі кабинеті мықты болуы керек қой. Екі кабинет жасап берсе тіптен жақсы болар еді.
 
Сапалы білім сұрау үшін жағдай жасалуы керек.
Жұлдыз ханым! Көмектесуіңізді сұраймын!
Құрметпен: Айман Сағидулла
Майра Мелдебекова ханым! Сіздің де назарыңызға!"деп жазды Айман Сағидулла.
Барлық жаңалықтар