Айтыскер Мақсат Ақановтың видеосы жұрттың жүрегін ауыртты

Айтыскер Мақсат Ақановтың видеосы жұрттың жүрегін ауыртты

Танымал айтыскер ақын Мақсат Ақановтың әлеуметтік желіде видеосы тарап, жұрттың жүрегі жабырқады деп жазады Democrat.kz. 

Көптен көрінбей кеткен айтыскер ақын Мақсат Ақановтың қолына домбыра алып, құйқылжыта "Фаризажан" әнін шырқаған видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Айтыскер ақынның дауыс мақамы мен даусын танығандар "бұл мықты ақын Мақсат Ақанов емес пе" десіп, артынан ақынның кезіндегі дүлдүл айтыстарын еске алысты. 

"Ішкілікке салынып кеткен бе, не болған", "мықты ақын еді", "Мақсаттың айтысын асыға күтіп жүретін едік", "ақын ішклікке салынбаған, ол намаз оқиды", "әкем әлі күнге елеңдеп осы ақынды іздеп отырады" дегенге саятын пікір жазысқан оқырман "еленбей қалған ақын Мақсат Ақановқа мемлекет марапатын беру керек" десуде. 

Дайындаған Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ.

Барлық жаңалықтар