Айтысты құртқан не және кімдер екенін айтқан Қуаныш Мақсұт ащы шындықты айтты

Айтысты құртқан не және кімдер екенін айтқан Қуаныш Мақсұт ащы шындықты айтты

Белгілі айтыскер, ақын Қуаныш Мақсұт қазақ өнерінің қазіргі жағдайы туралы айтып, ұлттық өнеріміздің бұрынғыдай шоқ жұлдызы неге жанбай жүргенін ашық айтты деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода айтыскер ақын Қуаныш Мақсұт: "Айтысты құртып, бітірген - дін. Кезінде айтыс өнеріне ақшаны төгіп, сол кезде діндарларды көптеп тартты.

Діндарлардың жақсы болсын, жаман болсын, президент Назарбаевқа ықпалы болды. Сол кездері ақындардың 90 пайызы намаз оқып кеткені де рас. 

Біз солай айтысты құртты. Діндарларды әкелдік, сосын айтысқа трайбализмді араластырдық. Бір айтыста мен айтқанмын, "неге Махамбетті Шығыс Қазақстан тойламайды, Құрманғазыны неге Қарағанды облысы тойламайды" деп.

Қазір қарап отырсам, әрбір діни ағым өзінің айтысын жасап жүр", деп қазақтың ерекше өнерінің құрып бара жатқанына ренішін білдірді. 

Барлық жаңалықтар