Айзат Жұманованың денесін көрген туысы бар шындықты айтты

Айзат Жұманованың денесін көрген туысы бар шындықты айтты

Жетісу облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі арнайы ауданаралық сотта Ақсу ауданы Баласаз ауылында қайтыс болған Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп деп жазады Democrat.kz.


Марқұм Айзат Жұманованың өліміне қатысты сотта оның туысы Раушан Дәуренбекова жауап берді. Ол – марқұмның анасы Салтанат Жұманованың қайын сіңлісі және мәйітханаға алғашқылардың бірі болып кірген адам.


Раушан Дәуренбекованың айтуынша, 22-сі күні таңғы сағат 9 шамасында оған туысы хабарласып, шұғыл түрде марқұм Марат Жұмановтың үйіне баруын сұраған. Сол жерде ол «Айзат ұшып кетті» деген суық хабарды естіген. Кейін туыстарымен бірге Талдықорғанға барып, мәйітті көруге рұқсат болмағанына қарамастан, оны көргенін айтты.
«Айзатты алып шыққанда беті түгел қарайып, қатты ісіп кеткенін көрдік. Денесінде көптеген жарақат болды: қолының терісі сыпырылған, саусақтары көгерген, тізелері жырылған, сан тұсының терісі жоқ еді. Мұндай зорлық-зомбылықты адам сүйремейінше жасау мүмкін емес», – деді ол.


Сондай-ақ Раушан Дәуренбекова БАҚ-та тараған «аттың құйрығына байлап сүйреген» деген сөздің қалай шыққанын да түсіндірді. Оның айтуынша, бұл тіркес сол сәттегі эмоциямен, көрген жағдайдың ауырлығына байланысты айтылған.


Қазіргі таңда Жетісу облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Ақсу ауданы Баласаз ауылында қаза тапқан 32 жастағы Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр.

 

Барлық жаңалықтар