«Ажырастым» деген Индира Елемес Президенттен араша сұрады

«Ажырастым» деген Индира Елемес Президенттен араша сұрады

Жуырда ғана «Он жыл абьюзермен тұрдым» деген белгілі әнші, енді-үй жайынан айырылғанын айтып, дабыл қақты, деп жазды Democrat.kz.

2018 жылдан бері балаларымен бірге тұрып жатқан үйін өз ақшама сатып алдым деген Индира Елемес:  «2024 жылдың қараша айында менің бұрынғы күйеуім Иманмәди Қалелхан тұтқындалып, қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №72 мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

Арада уақыт өткенде менің балаларыммен тұрып жатқан үйімді 25 миллион теңгеге құрылыс компаниясының құрылтайшысы Бұлбұл Рамазан  сатып алған.

Бұл пәтер нарықта 125 миллион теңге тұрады. Енді ол құрылыстың негізін қалаушы Бұлбұл Рамазан мені және балаларымды менің үйімнен қуып шықпақ. Олар  менімен арадағы келісімшартты бұзып, 2025 жылдың қыркүйегінде өзара мәміле жасаған. Мұны мен жуырда білдім», – дейді әнші. 

Осылайша қамауда отырған күйеуінің құрылтайшымен арадағы келісімшартты  бұзу туралы өтініш жасасуға қауқары қалай жеткенін айтқанын Индира, оның тіпті сот орындаушысымен келіссөз жүргізгенін, нәтижесінде көлігін де үш есе төмен бағаға сатқызғанын тілге тиек етті.

Тіпті, күйеуі әлеуметтік желіде отырып, ар намысына тиетін жазбалар жариялап, туыстарына және өзіне қоқан-лоққы көрсетіп жатқанын жеткізді.

Барлық жаңалықтар