Сахнадан көрінбей кеткен Шолпан Бейсенова көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға жауап берді, деп жазды Democrat.kz.
Күйеуі қызғаншақ болғандықтан ажырасып кетіп, қазір өз тегіне қайтып оралғанын айтқан әнші: «Менімен топта бірге ән айтқан жігіт Закирге (Егембердиев-ред.) қатты сендім. Ол барлық құқықты алып, топты өзінің атына жазып алды. Мен «кетем» деп едім, «кет» деді», – деп сатқындық жасаған сахналық серігінің әрекетін жайып салды.